Елбасы облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдерімен кеңес өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Елбасы облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдерімен кеңес өткізді

Кеңесте өңірлік дамудың қазіргі мәселелері, соның ішінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты, биылғы жылыту маусымын үзіліссіз аяқтауды, көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет қаражаттарын басқару, жергілікті жерлердегі баға мен тарифті мониторингтеу жайы қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы өңірлерді әрі қарай дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.