Елбасы Өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Елбасы Өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін осы қызметті атқарған Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды