Елбасы оқыған дәрісінде инновациялар мен білім арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың басты басымдықтарын айқындап берді
анның 21-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Елбасы оқыған дәрісінде қоғам мен мемлекеттің жаҺандану жағдайындағы қызметінің және инновациялар мен білім арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың басты басымдықтарын айқындап берді.
Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен дөңгелек үстелде ведомство басшысы Жансейіт Түймебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың оқыған дәрісін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғана емес еліміздің барлық студенттері мен оқытушылары қызыға тыңдағаны белгілі. Республикамыздың студент жастарына арналған дәрісінде қазіргі кезеңдегі еліміздің білімі мен ғылым жүйесін дамытудағы басты бағыттарын анықтап берді. Мемлекет басшысы университеттерге жаңа рөл берілетіндігін, олар мамандарды оқытып қана қоймай, техникалық, технологиялық және экономикалық саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысатын ғылыми кешендерге айналуға тиіс екендігін атап көрсетті. Ақпараттық қоғамда білім мен ойлауда шығармашылық әлеуеті шешуші маңызға ие болатынын алға тартып, жастарды бәсекеге қабілеттілікті жеке тұлғалық деңгейде ұғынып, іске асыруға шақырды», - деді Ж.Түймебаев.