Елбасы Олимпиадалық су спорты орталығында болды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданың көпфункционалды мұз сарайында орналасқан жаңа орталық ғимаратын аралап, жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Іс-шара аясында су спорты өкілдері келушілер назарына трамплиннен суға секіру, мәнерлеп жүзу және су полосы ойынын ұсынды.
Әлемдік сапа стандарттарына сәйкес салынып-жабдықталған спорт ғимараты халықаралық ауқымды жарыстар өткізуге арналған және толыққанды оқу-жаттығу үдерісіне жағдай жасалғандығымен ерекшеленеді.
Таяуда Олимпиадалық орталықта Қазақстан Республикасының суға секіру, мәнерлеп жүзу, су полосы және жүзу бойынша ұлттық құрама командалары дайындық өткізеді деп жоспарлануда.