Елбасы оңалту мен банкроттық рәсімдерін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және оңалту мен банкроттық рәсімдерін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.