Елбасы Оңтүстік Африкаға ресми сапар жасайды
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов пен Оңтүстік Африка Республикасы Халықаралық байланыстар және ынтымақтастық министрінің орынбасары Исмаил Ебрахим ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Африкаға жасайтын ресми сапарын талқылады.
«Жақында Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зума Қазақстанның басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми шақыруын жіберген болатын. Осыған орай, бүгін біз ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Африка Республикасына жасайтын сапарының мерзімі мен жұмыс кестесін талқыладық», - дейді И.Ибрахим.
Оның айтуынша, ресми сапардың нақты уақыты әзірге белгісіз. Оны екі елдің президенттері шешетін болады.