Елбасы Оңтүстік Корея Республикасы Президентінің өз еліне сапармен келуге шақырған ұсынысын қабыл алды

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бактың өз еліне сапармен келуге шақырған ұсынысын қабыл алды,

Елбасы Оңтүстік Корея Республикасы Президентінің өз еліне сапармен келуге шақырған ұсынысын қабыл алды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мен Президент мырзаны Оңтүстік Кореяға келуге шақырдым және Президент мырза менің ұсынысымды қабыл алды», деді бүгін Ақордада жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бак.Корея басшысы осы сапардың арқасында Қазақстан Президентімен өзара достық және тығыз қарым-қатынас орнатқандарын, сондай-ақ түрлі мәселелер бойынша көзқарастары сәйкес келетінін атап көрсетті. «Осындай мығым жеке достық және мемлекеттер арасындағы жақсы қарым-қатынас екі елдің дамуына және бірлесіп дамуына сүбелі үлес қосады деп есептеймін», деді Корея басшысы.