Елбасы Орал қаласындағы №5 кәсіптік лицейде болды

ОРАЛ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Орал қаласындағы №5 кәсіптік лицейде болды,

Елбасы Орал қаласындағы №5 кәсіптік лицейде болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Александр Гладков жетекшілік ететін аталмыш лицей электронды есептеу және есептеу машиналарының операторы, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесары, автомеханик сынды мамандарды даярлайды. Мұнда «Жол картасына» сәйкес жұмысшы кадрлар қайта даярлықтан өтеді. Кәсіптік лицейде 340 оқушы білім алса, 36 педагог еңбек етеді. Барлық қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен, кабинеттермен жасақталған лицейдің кітапхана жүйесі, акт және спорт залдары, 150 орындық асханасы бар. Мемлекет басшысы оқу орнының жұмысымен жан-жақты танысып, педагогтармен және оқушылармен әңгімелесті. Жастарды қазіргі таңда елімізге аса қажет мамандықтарға оқытатын осындай білім ордаларының жұмысын одан әрі ширату туралы нақты тапсырмалар берді. Президент сапары ертең Зеленов ауданында жалғасады.