Елбасы Өскемендегі «Силумин-Восток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Өскемен қаласындағы ««SV» өнеркәсіптік жабдықтар шығаратын «Силумин-Восток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Кәсіпорын құрылыс пен инфрақұрылым, машина жасау, энергетика, металлургия, тау-кен және мұнай химиясы өнеркәсібі салаларында инжинирингтік қызмет көрсету ісіне маманданған.

Кәсіпорынды аралау барысында Мемлекет басшысына құбыр жүргізу кезінде қолданылатын арматураларды, насостық құрал-жабдықтарды, электротехникалық өнім мен блокты-модульдік ғимараттарды дайындау үдерісі таныстырылды.
null

Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын ұжымымен де кездесіп, әңгімелесті.

Елбасы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік әлеуеті мен даму қарқынын атап өтті.

«Өңірде өнеркәсіп саласы өркендеп, индустриалды бағдарлама аясында 46 жоба жүзге асырылды. Жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп жатқан кәсіпорындар салынуда. Атап айтқанда, 7500-ге жуық адам жұмысқа орналасты», - деді Мемлекет басшысы. 
null

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын жұмысшыларына табыс тілеп,  өндірістік көрсеткіштердің одан әрі арта беруіне ниеттестік білдірді. 

null

Соңғы жаңалықтар