15:15, 13 Қыркүйек 2018 | GMT +5
Елбасы «Ояк Холдинг» компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия астанасы Анкара қаласында «Ояк Холдинг» компаниясының бас атқарушы директоры Сүлеймен Эрдеммен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
«Ояк Холдинг» компаниясының бас атқарушы директоры компанияның жұмысы жөнінде кеңінен әңгімелеп, Қазақстанда бизнесін дамытуға мүдделілік танытты.