Елбасы өзінен халық мүддесі мен Конституцияға адалдық жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді
Бұл пікірді бүгін ҚР Президентінің ағымдағы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді талқылауға арналған жиында ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов білдірді.
Оның атап өтуінше, ел азаматтарының басым бөлігі ҚР Президентінің өкілеттігін ұзарту бойынша референдум өткізуды қолдады. Дегенмен Президенттік өкілеттігінің 2 жылға қысқаратынына қарамастан Н.Назарбаев кезектен тыс сайлау өткізу туралы ұсыныс енгізді.
«Бұндай жағдай әлемдік тәжірибеде болған емес. Бұл - батыл, әділ және демократиялық шешім. Мемлекет басшысы өзінен халық мүддесі мен Конституцияға адалдық жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді», - деді министр.
Сонымен қатар ол ҚР Президентінің кезекті Жолдауында мемлекеттік саясаттағы маңызды мәселе халықтың әл-ауқаты екендігі айқын көрініс тапқан.