Елбасы пойыз апатына байланысты Үндістанның Премьер-Министріне көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Елбасы пойыз апатына байланысты Үндістанның Премьер-Министріне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Канпур қаласында пойыз апаты салдарынан көптеген адам қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Оқиға салдарынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.