Елбасы Рафаэль Надальмен және Новак Джоковичпен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев танымал теннисшілер Рафаэль Надальмен және Новак Джоковичпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter желісінде жазды.

«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан астанасында өтетін қайырымдылық матч алдында әлемдік теннис аңызына айналған Рафаэль Надальмен және Новак Джоковичпен кездесті. Тұңғыш Президент оларға табысты әрі әдемі ойын тіледі», - деді Айдос Үкібай.

Спортшылар Тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевқа автограф қойылған жейде сыйлады.

Өз кезегінде Елбасы спортшылар ойынын тамашалайтынын жеткізді.

Еске сала кетсек, бүгін елордадағы «Барыс арена» стадионында әлемнің бірінші және екінші ракеткалары, сербиялық Новак Джокович пен испаниялық Рафаэль Надаль қайырымдылық матч өткізеді.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танымал теннисшілермен кездескен болатын.

Соңғы жаңалықтар