Елбасы: «Рухани жаңғыру» - «Нұр Отанның» идеологиялық жұмыстарының тұғырнамасы
Отырыс барысында Қазақстан Президенті билік тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлумен байланысты конституциялық реформаның қабылданғанын және ол елдің саяси жүйесін демократияландыруға бағытталған нақты қадам болғанын баса айтты.
«Нұр Отан» партиясы ойды түсіндірудің әшейін ғана мінбері болып қана қоймай, сонымен бірге оны барлық деңгейде белсенді ілгерілетуі тиіс. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы - бұл партияның ағымдағы идеологиялық жұмыстары үшін тұғырнама. Бағдарламаны жүзеге асыруға лайықты қатысу үшін партия өз жұмысын тиімді жолға қоюдың нақты тетіктерін табуы тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, отырыс барысында Қазақстан Президенті бүгінгі жағдайдағы әлемнің дамуы партия алдына да зор мақсаттар жүктейтіндігін баса айтқан еді .
«Сөз «Нұр Отан» партиясының өзін жаңғыртумен байланысты болып отыр. Өйткені, ел, экономика жаңғырып, саяси күштер де соған сай болуы тиіс», - деді Елбасы.