Елбасы саясаты арқасында елімізге оралдық - оралман пікірі

ОРАЛ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты саясаты арқасында елімізге оралдық. Орал қаласында тұратын Еламан Ерқалиевтің ҚазАқпарат тілшісіне мәлім еткеніндей, олар 2004 жылы Қарақалпақстаннан алты отбасы көшіп келген.

Елбасы саясаты арқасында елімізге оралдық - оралман пікірі
Бәрі де азаматтық, тиесілі қаражат, жер алған. Өзінің жасы 53-те, мамандығы құрылысшы. Жер алысымен үй салып алған. Ұлы Қанат Атырауда электрик болса, екінші ұлы Саламат Зашаған кентінде дәнекерлеуші болып еңбек етеді. «Ең бастысы ? балаларымыздың болашағы үшін түн ұйқымызды төрт бөліп, қайғырмаймыз. Тіліміз, дініміз сақталды. Ақ Жайықтың қонақжай халқы бізді бірден бауырына тартып, қамқор болды. Қазір көршілерімізбен жақын туыстай болып кеттік. Тағдыр қосып, дос-жаранмен құда болып, келін де түсірдік. Енді «Нұрлы көш» бағдарламасы жүзеге асса, тіпті нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені біз өзбек еліндегі қандастарымызбен хабарласып тұрамыз. Олардың бар арманы ? Қазақстанға келіп, еңбек ету, ұрпағын өсіру. Бұрын өзіміз тұрған Тахетаж қаласынан 10-15 үй көшіп келуге әзір. Шетте жүрген ағайындардың елге көбірек көшіп келуі үшін олардың жер телімін жалпы кезекпен емес, жеңілдетілген түрде алуына жағдай жасалса, орынды болар еді деп ойлаймыз», дейді ол.