Елбасы сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде барлық кандидаттардың БАҚ-қа қолжетімділігін тең тұрғыда қамтамасыз етуді тапсырды

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министрлігіне сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде Президенттікке кандидаттардың барлығының бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімділігін тең тұрғыда қамтамасыз етуді тапсырды.

Елбасы  сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде барлық кандидаттардың БАҚ-қа қолжетімділігін тең тұрғыда қамтамасыз етуді тапсырды

Президент бұл тапсырманы бүгін "Нұр Отан" ХДП орталық аппаратының ғимаратында Республикалық сайлауалды қоғамдық штабтың мүшелерімен кездесуінде берді.

«Әрбір үміткер радио мен телевидение арқылы өз сайлаушыларына бағдарламаларын насихаттауда тең құқықты иеленулері және өздерінің сайлауалды тұғырнамаларын кеңінен жария етулері қажет»-, деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.