Елбасы сайлауда қолдау көрсеткені үшін Ассамблея мүшелері мен барша қазақстандықтарға ризашылық білдірді

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 17-нші сессиясында Елбасы, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев алқалы жиынды ашып, сөз сөйледі.
None
None

Мемлекет басшысы ең алдымен жиынға қатысушыларды сессияның ашылуымен құттықтап, «тарихи сессияның бүгінгі маңызы айрықша екендігін» атап өтті. «Таяуда елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өткені баршаңызға мәлім. Ұлысты ұйыстыра түскен бұл сайлауда маған, осы отырған бәрімізге халық тағдырын сеніп тапсырды. Бізге тапсырды. Бұл ел бірлігін көрсететін сайлауда әлем алдында үлкен бедел алдық. Сайлау кезінде Ассамблея мүшелері мен этномәдени топтардың өкілдері қалтқысыз қолдау білдірді. Сондықтан да Ассамблея мүшелері мен барша қазақстандықтарға шынайы ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер», -деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум