18:12, 15 Сәуір 2011 | GMT +5
Елбасы Сенат депутатының өкілеттігін тоқтатты, Бас прокурор мен оның орынбасарын қызметтерінен босатты
АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өкілеттігін тоқтатты, Бас прокурор Қайрат Мәми және оның орынбасары Асхат Дауылбаевты қызметтерінен босатты.
Мемлекет басшысының Өкімімен Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Әбдіразақұлы Мәми басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өкілеттігі тоқтатылды.