Елбасы шаруа қожалықтарының және фермерлік шаруашылықтардың қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасын тездетіп қабылдауды тапсырды

АСТАНА.  Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Шаруа қожалықтарының және фермерлік  шаруашылықтардың қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасын тездетіп қабылдау қажет. 
None
None

Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Экономикалық басымдықтардың бірі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуымен байланысты. Шаруа қожалықтарының және фермерлік шаруашылықтардың қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасы сіздердің қарауларыңызға ұсынылды. Оны уақыт созбай қабылдау қажет», деді Президент төртінші сайланған ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында депутаттарға қаратып айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар