Елбасы шенеуніктерді барынша қарапайым болуға шақырды

аурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктерді барынша қарапайым болуға және төңірегіндегілерді үнемшілдікке баулуға шақырды,

Елбасы шенеуніктерді барынша қарапайым болуға шақырды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жергілікті жерде болып жатқан көзбояушылыққа, ысырапшылдыққа жол бермеу керек. Есеп комитеті жергілікті жерлерде орын алып отырған жаппай бұзушылықтар туралы маған тұрақты хабарлап тұрады: қажет болсын-болмасын қымбат машиналар, қымбат электронды техникалар сатып алынады, ауыстырылады, жаңа басшы келсе кабинетінін қымбат жиһаздармен жаңартуға кіріседі. Елімізде мерейтойын тойлайтындар қаптап кетті. Мемлекеттің есебінен ешқандай да сыйлық тартуға болмайды, бюджеттен шығын шығаратын мұндай бап жоқ», деді кеңесте Н. Назарбаев.

Осы орайда Елбасы шенеуніктерді дағдарыстан сабақ алып, қаржыны үнемдеуге, төңірегіндегі адамдарды үнемшілдікпен өмір сүруге баулуға шақырды.