Елбасы Шымкенттегі көмекші мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін құттықтады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкенттегі Сайрам көмекші мектеп-интернатының балаларына Елбасының жолдаған құттықтау хаты мен отандық су жаңа автокөлігі сыйға тартылды.

Елбасы Шымкенттегі көмекші мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін құттықтады

Мемлекет басшысының алғыс хаты мен сыйлығын қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тәрбиеленушілер мен ұжымға арнайы барып тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, мектеп-интернатында туабітті кемістігі бар 210 бала тәрбиеленіп жатыр. Ерекше күтім мен оқытуды қажет ететін балғындар мұнда қоғамға бейімделіп, түрлі өнерді үйренеді. Аталған балалар үйінің тәрбиеленушілері 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ұжымдық құттықтау мен өз қолдарымен жасалған өнер туындыларын жолдаған болатын. Балалардың хаты мен сыйлығын қабыл алған Елбасы алғысын білдіріп, ыстық лебізін жеткізді.

null   Бұл күні қала басшысы сондай-ақ, №4-ші балалар үйінің тәрбиеленушілерін де құттықтауға барды. Ғабидолла Әбдірахымов 80 жеткіншекке арнайы дайындалған спорттық костюмдер жиынтығын сыйға тартты. Балалар дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.null

Айта кетейік, қазір №4 балалар үйінде 80 бала тәрбиеленуде. Олардың 26-сы тұл жетім болса, 54-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған.null