Елбасы сот жүйесi мен судьялардың мәртебесi туралы Жарлыққа қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 және «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына қол қойды.
Жарлықтың толық мәтінін мына сілтемеден көшіріп алып, танысуға болады.