Елбасы Т.Ермегияевті Туризм және спорт министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Т.А.Ермегияевті Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі етіп тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Талғат Амангелдіұлы Ермегияев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2011 жылдың 11 сәуірі, № 11