Елбасы тәнті болған жапониялық барабаншылар Астанада өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Қазақстандағы елшілігі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай бірқатар шаралар дайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None



Аталмыш шаралардың бірі - Жапонияда және өзге де бірқатар елдерге танымал «Drum Tao» тобының өнер көрсетуі. Музыканттар ежелгі дәстүрлі аспап - вадайкода ойнайды. Елшіліктің үшінші хатшысы Сатору Таканасидің ақпараты бойынша, аталмыш топ өткен жылы Қазақстан Президентінің Жапонияға тарихи сапары барысында өнер көрсетті. Сондай-ақ хатшы жапониялық топтың өнерін Елбасы ұнатқанын, сонымен бірге олардың Астанаға арнайы шақыртылғандығын жеткізді.

Бұл туралы елшілік өкілі ҚазАқпарат тілшісіне мәдени миссия құрметіне орай өткен ресми қабылдау рәсімінде айтты. Шара «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында 5 қараша күні, сағат 16-00-де өтеді.



Соңғы жаңалықтар