10:14, 05 Қараша 2013 | GMT +5
Елбасы тапсырмаларын орындау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеуде - С.Ахметов
АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекеттік органдар, министрлер, әкімдер тарапынан Елбасы тапсырмаларын орындау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.

«11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы біздің жұмысымызды өткір сынға алған болатын. Президент ағымдағы жағдайға байланысты Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар, министрлер, әкімдер тарапынан Елбасы тапсырмаларын орындау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей отыр»,- деді С. Ахметов.