Елбасы тапсырмасы бағытында мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттырамыз - А.Мамытбеков

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру бойынша жұмыс істейміз. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауынан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
None
None

«Ауыл шаруашылығында мемлекет тарапынан жасалатын қолдау іс-шаралары жыл сайын артуда. Бірақ бұл бағытта осы шаралардың тиімділігін арттыруымыз керек. Сондықтан да Елбасы Үкіметке, министрлікке қолдау шараларының тиімділігін жоғарылатуды міндеттеді. Бұл өте маңызды мәселе. Ертең әлемдік бәсекелестікке дайын кәсіпорындарды, фермерлерді қолдауымыз керек. Сондықтан мемлекеттік қолдау шараларын сараптап, тиімді емес тұстарын қысқартып, тиімді тетіктерін ұлғайтып, кеңейтуіміз керек», - деді А.Мамытбеков.

Соңғы жаңалықтар