Елбасы тапсырмасын орындамаған ұлттық компанияларға Үкімет қатаң шара қабылдауы керек - В. Бобров

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Президенттің ведомство құрылымдарына қарасты кәсіпорындарды қайта жекешелендіру жөніндегі тапсырмасын орындамаған ұлттық компанияларға қатысты Үкімет қатаң шаралар қабылдауы керек. Бұндай пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Парламент Сенатының депутаты Владимир Бобров айтты.
None
None
Еске сала кетейік, брифинг негізінен 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Елбасы жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелеріне арналған болатын. Депутаттың айтуынша, елімізде қазіргі таңда 6 мыңнан астам мемлекеттік кәсіпорындар бар. Ал солардың тек 4 пайызы ғана қайта жекешелендіруге берілген. Бұл ретте сенатор мұндай кәсіпорындар құрудың кейбіреулерге пайдалы тұстары туралы күмәнін алға тартады. Оның айтуынша, осындай әрбір кәсіпорынның артында нақты адамдар, мемлекеттік немесе ұлттық компания қызметкері тұр. «Мұндай секторларда жұмыс істейтін барлық кәсіпорындардың мемлекет үшін тиімділігі шамалы. Солай бола тұра осы кәсіпорындардың менеджерлері керемет айлық алып отыр. Мұндай компанияларға жұмысқа тұру әрбір қазақстандықтың арманына айналды. Сол үшін біз бүгін осылармен күресіп жатырмыз. Дегенмен, біздің қолымыздан көп нәрсе келіп жатқан жоқ», - деді В. Бобров. Сонымен қатар, сенатор Елбасы тапсырмасының орындалмай отырғанына қатысты бірқатар мысалдарды да алға тартты.
Соңғы жаңалықтар