Елбасы: Тарихи цикл әлемдік ықпалдастық орталығын Шығысқа қайтаруда

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі 2-ші форумның ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Бүгін «Бір белдеу, бір жол» бастамасының алғашқы, табысты кезеңінің қорытындысы бойынша, бірқатар жетістіктерді атай беруге болады деп есептеймін. Біріншіден, әлем шиеленісті геосаяси тұжырымдамалардан қатты шаршады, бұл геоэкономика мен бірлесе дамуға кедергі келтіруде. «Бір белдеу, бір жол» экономикалық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер кешені ғана емес, одан да жоғары деңгейді бейнелейді. Бұл бастама әлемнің 120-дан астам елінің күшті тарихи мүддесін, олардың қауіпсіздігін, ауқымды сауда-саттығы мен өркендеуін қамтып көрсетеді. Шынында, Қытай, Ресей, Еуропа және Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ заманауи Ұлы Жібек жолының басқа да көптеген қатысушыларының арқасында тұрақтылық, даму және өркендеу белдеуіне айналып келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, саяси қайшылықтар, санкциялар, сауда соғысына қарамастан, бастама аясындағы сауда-саттық көлемі өсе түсуде. Мәселен, бұл 5 трлн долларға немесе әлемдік сауданың үштен бір бөлігін құрап отыр.

«Екіншіден. Жаһандану әлі де қажет. Қазір ол жаңа форматта трансформацияланып жатыр. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шығыспен жаңа жаһандану моделін көрсетті. Тарихи цикл әлемдік ықпалдастық орталығын Шығысқа қайтаруда. Біз бүгінде Азияның XXI ғасырдың өңірі болғанын көріп отырмыз. Әлемдік ЖІӨ 28%-ы осында шоғырланған. Бұл көрсеткіш әлі де өсе береді. Өркендеу тренді кооперациялар үшін жаңа бағдарды ұсынады», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Еске салайық, форумға 37 мемлекеттің көшбасшылары пен үкімет басшылары қатысып жатыр.

Автор: Садык Акижанов

Соңғы жаңалықтар