19:49, 05 Мамыр 2017 | GMT +5
Елбасы театр өнерін, кітапхана және музей ісін дамытуға бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Мемлекет басшысы мәдениет саласындағы заңнаманы жетілдіруге, тарихи-мәдени мұраны қорғауға, театр өнерін, кітапхана және музей ісін дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.