Елбасы телеарнаға қажетті соңғы буын жабдықтарының қазақстандық өндірісін бастауды жүктеді

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Телеарнаға қажетті соңғы буын жабдықтарын Қазақстанда өндіруді бастау қажет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Ұлттық спутниктік сандық телерадио таратылым желісімен танысу кезінде осындай тапсырма берді.
None
None

«Енді біртіндеп осындай жабдықтарды елімізді шығару қажет. Яғни, өндірісті бастау керек. Әлемде танымал өндіруші компанияларды жұмысқа тарту қажет»,-деді Президент. Осы орайда Елбасы экономиканың дамуы арқылы, елімізді индустрияландыру, инновациялар тұрғысында ІТ - технологиялар басты бағыттардың бірі болуы тиіс екенін айтып өтті.

«Сондықтан бүгін Қазақстанда сандық телеарнаның қосылуына куә болып отырғанымызға қуаныштымын. Біз бұл мәселені бұған дейін қарастырған болатынбыз, енді ол іске асып отыр»,-деді Мемлекет басшысы.

«Бұл ең алдымен елге керек. Қазақстанның түкпір-түкпірінде, алыс жерлерде орналасқан халқымыз еліміздің телеарналарының хабарларын көрмеуші еді, енді осының барлығы қазір қолжетімді болды. Атап айтқанда, елмен бірге жағдайды біліп, барлығынан хабардар болу - мемлекет үшін үлкен жетістіктің бірі деп санаймын»,-деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар