Елбасы теміржол жолаушылар көлігі мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын реттеуді жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.