Елбасы террорлық актіге байланысты Ауғанстан Президентіне көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғаниге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы террорлық актіге байланысты Ауғанстан Президентіне көңіл айтты

Жеделхатта Кабул қаласындағы террорлық акт салдарынан көптеген адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. 

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін.

Елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күресте Ауғанстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға Қазақстан әрқашан дайын екенін атап өтемін», - делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, кеше таңертең Кабулда болғанжойқын жарылыс салдарынан 50-ге жуық адам опат болып тауып, 150-ге жуығы жарақат алды.  ҚР СІМ террорлық актіден екі қазақстандық зардап шекті деп мәлім етті.