Елбасы туралы әрбір кітапқа ең алдымен елтанудың тұтастай бөлігі ретінде қарау керек - С. Абдрахманов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы туралы әрбір кітапқа ең алдымен елтанудың тұтастай бөлігі ретінде қарау керек. Бүгін Елбасы Н. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Нұрсұлтан Назарбаев: Человек у власти» атты кітаптың тұсаукесері барысында сөз сөйлеген «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов осылай айтты.
None
None

«Елбасы туралы әрбір кітап - ең алдымен елтанудың тұтастай бөлігі. Біз Елбасыны таныған сайын елімізді тани түсеміз. Өйткені, Елбасы Н. Назарбаев бүгінгі таңда «Қазақстан» деген сөздің баламасына айналды. Бүкіл әлемде Қазақстан деген ұғым Назарбаев есімімен тікелей байланыстырылады. Сондықтан да, біз Елбасын көбірек білген сайын өзіміздің елімізді де көбірек біле түсеміз. Өзіміздің елімізді көбірек білген сайын, мемлекетімізді бағалай түсеміз. Мемлекетті бағалаған сайын отаншылдығымыз арта түседі. Отаншылдығымыз артқан сайын біздің ертеңгі күнге сеніміміз артып, тәуелсіздігіміз де нығаяды», - деді Сауытбек Абдрахманов.

Оның айтуынша, Назарбаевқа арналған жаңа туынды шын мәнінде елдігімізді еңселендіретін еңбек. Оның үстіне бұл еңбекте қалыптасқан мемлекеттің стратегиялық бағытының бағдарын айқындаған ірі геосаяси өзгерістер аясында мемлекет құру кезіндегі Қазақстанның бірінші басшысының тәжірибесіне талдау жасалады.

«Кітап авторлары тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Елбасының реформаторлық бағытын іс жүзінде жүзеге асырумен байланысты ауқымды мәселелерді қарастырып отыр. Сонымен қатар, еңбекте КСРО ыдыраған тұстағы Қазақстанның ахуалына терең талдаулар жасала келе, Елбасының сол кездегі өте күрделі тарихи қатермен бетпе-бет келгеніне назар аудартылады. Шындығында, КСРО секілді алып одақтың күйреуін сол тұста Жердің метеоридпен соқтығысуына балауға болатын еді. Ал ондай қасаң жағдайда төтеден жол сала, сол жолдың дұрыс таңдауын жасай білу кез келгеннің қолынан келмейтін шаруа», - деді С. Абдрахманов.

«Үлкен ауқымды материалдар қамтылып, зор талдаулар жасалған. Ең бастысы үлкен шаруа атқарылды, қай жағынан алып қарағанда да үлкен тарту болып отыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар