Елбасы туралы заңның күшін жою: Сенаттан комиссия құрамына депутаттар іріктелді
«Ата Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, Парламент Конституциялық заңдарды палаталардың бірлескен отырысында қабылдайды. Жаңа тәртіп бойынша палаталардың әрқайсысы бірлескен отырысқа дейін комиссияның құрамына енетін кандидатураларды және қосымша баяндама жасаушыны айқындауы қажет. Осыған байланысты Сенаттың тиісті қаулы жобасы дайындалды», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Айта кетейік, 13 қаңтардағы бірлескен отырыста «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күші жойылды деп тану туралы» Конституциялық заңның жобасы қаралады.
Осы орайда Сенат депутаттары бірлескен комиссияның мүшелерін сайлады. Нәтижесінде сенаторлар Владимир Волков, Сұлтанбек Мәкежанов және Дүйсенғазы Мусин аталған комиссияның құрамына енді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 11 қаңктар күні Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамына енетін депутаттар іріктелді.
Бұл тұрғыда Мәжілістен Бекжанов Берік Айдарбекұлы, Ерубаев Серік Сәрсенұлы, Смайлов Ерлан Валерийұлы комиссия құрамына кірді.