Елбасы Тұрғынүйжинақбанкі төңірегіндегі былықты сынға алды

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тұрғынүйжинақбанкі төңірегіндегі былықты сынға алды
None
None

Мемлекет басшысының атап өтуінше, аталған банктің басшылық қызметкерлері миллиондаған теңге жалақы ала отырып, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында пәтерлерді жеңілдікпен сатып алған. «Маған жаңа баспана төрағаға, оның орынбасарларына, банктің Алматыдағы филиалының директорына, оның ағасына, департамент директорына, оның апайына бөлінгендігі туралы анықтама берді. Банктің басқарушы директоры, оның ағасы, сондай-ақ кейіннен пәтерді үшінші тұлғаға сыйға тартқан ұлы баспана алған. Мен уақытымды шығындап мынау далбасаны істер іс болмағаннан кейін тізбектеп атап отырғаным жоқ. Мен қарап отырмын, банктің жеңілдікпен пәтер алған 20-дан астам қызметкері бар. Біз сонда банкті оның қызметкерлері үшін құрдық па?» - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар