Елбасы түрік кәсіпкерлерін «Астана» қаржы орталығының жұмысымен таныстырды

АНКАРА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркияның бизнес капитандарымен кездесуі барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түрік компанияларын «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан Президентімен кездесуге Түркия экономикасының 15 пайызын құрайтын 25 компанияның басшылары қатысты. Аталған компаниялар ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, геология және тау-кен өндіру өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, денсаулық сақтау және фармацевтика салаларында жұмыс істейді.

«ЭКСПО-2017» базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастағанын білесіздер. Қаржы орталығы Нью-Йорк, Сингапур, Лондон, Дубай қаржы орталықтарының озық модельдері негізінде қызмет етіп отыр. Оның құқықтық мәртебесі Конституциялық заңмен бекітілген. Тіпті, тілі ағылшын тілі. Бұл қызмет ағылшын құқығына негізделген өңірдегі жалғыз ғана орталық», - деп атап өтті Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына 50 жылға дейін жеңілдетілген салық, валюта, виза, еңбек режімдері берілген. Тәуелсіз сот, халықаралық арбитраж орталығы әділдік пен тараптардың құқықтарының қорғалуына кепіл болады.

«Халықаралық қаржы орталығының жоғары технологиялық биржасын құруға Шанхай қор биржасы және америкалық Nasdaq биржасы тартылған. Халықаралық қаржы орталығы жасыл, исламдық және инновациялық қаржы құралдарын дамытатын болады. Түрік компанияларын осы орталық жұмысына қатысуға шақырамын», -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Қазақстан Президентімен кездесуге Түркия экономикасының 15 пайызын құрайтын 25 компанияның басшылары қатысты. Аталған компаниялар ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, геология және тау-кен өндіру өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, денсаулық сақтау және фармацевтика салаларында жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар