Елбасы: Үкімет Қазақстанның жаңа даму курсын айқындауда

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Үкімет Қазақстанның жаңа даму курсын айқындауда. Бұл туралы бүгін Назарбаев Университетінде интерактивтік дәріс оқыған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Елбасы: Үкімет Қазақстанның жаңа даму курсын айқындауда

Жаңа кезеңде әкімшілік реформа өте маңызды екендігін баса айтқан Елбасы: «Бұл блокта орталықсыздандыру, жеке меншікті қорғау, келісімшарттық қарым-қатынас институтын нығайту, заң алдындағы теңдікті қамтамасыз ету мәселелері әзірленуде», - деді.

ҚР Президентінің атап өтуінше, міне осы негізгі бағыттар жаңа әлемдік тәртіптік жағдайдағы Қазақстанның жаңа даму курсын айқындайды. «Қазіргі уақытта ол Үкіметпен және біздің сарапшыларымызбен әзірленуде», - деді Н.Назарбаев.