Елбасы Үкімет пен «Самұрық - Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына әйел кәсіпкерлігін қаржыландыруға бағытталған арнайы бағдарлама жасауды тапсырды

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан әйелдерінің Ү форумында Мемлекет басшысы Үкімет пен «Самұрық - Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына әйел кәсіпкерлігін қаржыландыратын арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз өзінің жеке істерін, кәсіпкерлігін ашатын іскер әйелдерді қолдауымыз керек. Осыған орай мен Үкімет пен «Самұрық -Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына алдағы жылдары әйел кәсіпкерлігін қаржыландыруға бағытталған арнайы бағдарлама жасауды тапсырамын. Бұл бағытта ең бастысы ауылды жерлердегі іскер әйелдердің жобаларын қаржыландыру үшін ауқымды микрокредиттер шарасы жүзеге асуға тиіс. Тәжірибе көрсеткендей отбасына, оның ішінде аналарға, әйелдерге микрокредиттерді ұсынудың тиімділігі зор. Әрі мұндай кредиттің қайтарымы 99 пайызды құрайды», деді Н. Назарбаев. Президенттің айтуынша, әсіресе іскер әйелдер қаржыны қайда және қалай жұмсауды, тиімді пайдалануды жақсы меңгерген.
Соңғы жаңалықтар