Елбасы Үкіметке 3 ай мерзім ішінде мемлекеттік қызметті кәсібилендіру туралы нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үкімет Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесе отырып, үш ай мерзім ішінде мемлекеттік қызметті кәсібилендіру туралы нақты ұсыныстар әзірлесін. Бүгін Үкіметте өткен кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
None
None

«Әкім бір облысқа келгенде не істейді? Ол жергілікті кадрлармен айналыспайды, өзімен бірге «командасын» ертіп келеді. Бұнда резервпен ешқандай да жұмыс істеліп жатқан жоқ. Әрине, резерв бар, бірақ одан ешкім қызметке алынбайды. Сондықтан да қызмет ауыстырғанда жанындағылармен қотарыла көшпей, жергілікті кадрлармен жұмыс істеу керек. Біз аса талантты, перспективалы, мемлекетшілдік идеяға берік, жоғары білікті кадрлық резервті жасақтауымыз керек. Яғни, бізге мемлекетшілдер керек. Бұл шаруа ең бірінші кезектегі және ұзақмерзімді сипат алуы шарт», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Президент саяси, әкімшілік және мемлекеттік қызметтер арасындағы шектеу жұмыстарын жалғастыру керектігін айтып, жоғары әкімшілік қызметкерлер корпусын құру қажеттігін, орталық және жергілікті деңгейде кәсіби, жоғары білікті мамандар тарту керектігін айтты. «Бұндай басқару корпусын қалыптастыру үшін ҚР Президенті жанынан арнайы комиссия құрған орынды. Мемлекеттік қызметте ротациялық қағидатты да енгізген ләзім», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар