Елбасы Үкіметке әлеуметтік саладағы ұлттық заңдарға түгендеу жүргізіп, оны реформалаудың Тұжырымдама жобасын жасауды жүктеді

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Үкімет Парламентпен және «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік саладағы ұлттық заңдарға түгендеу жүргізсін және әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны реформалаудың Тұжырымдама жобасын енгізсін.

Елбасы Үкіметке әлеуметтік саладағы ұлттық заңдарға түгендеу жүргізіп, оны реформалаудың Тұжырымдама жобасын жасауды жүктеді

 Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы жөніндегі 2-ші тапсырмасында айтылған.

Мемлекет басшысының пайымынша, бұл жұмысқа барлық мемлекеттік органдарды және өңірлер әкімдерін қосу маңызды. Олар қолданыстағы заңдардың тиімділігін күшейту және жаңа заңдарды жоспарлы әзірлеу жөнінде нақты ұсыныстарын енгізуі тиіс. «Мәселен, жастар саясаты туралы жаңа заң аясында әлеуметтік еңбек орындарында жас қазақстандықтар үшін «әлеуметтік лифтілердің» тетіктерін құру маңызды. Біз жастарға қатысты жәйттерді бетімен жібере алмаймыз», - деді ҚР Президенті.

Елбасы өз тапсырмасында атап өткендей, кәсіптік біліктіліктің ұлттық жүйесі туралы заңдардың болуы талап етіледі. Қазақстан қоғамын төменгі басты индикаторлары көрсетілген әлеуметтік стандарттар мен әлеуметтік құқыққа кепілдіктер туралы заң қажет.

«Парламентке таяудағы сессиялар кезінде неғұрлым қажет етілетін заңдық актілерді қараған жөн болады. Мұнда жаңа заңдардың тиісті мәселелерді кешенді шешуін, олардың тікелей әрекет етуін, қазақстандықтардың күткен үміттеріне сәйкес келуін, халықтың өмірін қолайлы да ыңғайлы етуін, бәріне түсінікті де қолжетімді болуын ереже есебінде басшылыққа алу керек. Депутаттар өз жұмыстарын белсенді ете түсуге міндетті. Және осылардың бәрімен заңдарды жаңалау аяқталмайды. Төменде әлеуметтік жаңғырту басымдықтары аясында нақты заң актісі жөніндегі басқа да тапсырмалар түйінделген», - деді Н.Назарбаев.