Елбасы: Үкіметке бірінші жартыжылдықта инвестиция тарту жөніндегі ұлттық іс-әрекет жоспарын әзірлеуді тапсырамын

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ -  Елбасы Үкіметке ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында инвестиция тарту жөніндегі ұлттық іс-әрекет жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Елбасы: Үкіметке бірінші жартыжылдықта инвестиция тарту жөніндегі ұлттық іс-әрекет жоспарын әзірлеуді тапсырамын

Мұндай тапсырманы Мемлекет басшысы бүгін, Үкіметтің кеңейтілген отырысында берді.

Экономика өсімінің жаңа қорларын іздестіріп, оны пайдалану қажеттігін баса айтқан Президент: «Біріншіден, инвестиция үшін күресуіміз қажет. Мен бұл турасында бүгінгі Жолдауымда айттым»,-деді.

Елбасының пайымынша, бұл жаһандық қаржы дағдарысы қарсаңында маңызды. Өйткені, инвесторлар өз капиталын өсірудің сенімді көздерін іздестіретін болады.

«Үкіметке бірінші жартыжылдықта инвестиция тарту жөніндегі ұлттық іс-әрекет жоспарын әзірлеуді, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы стандарттарына сәйкес Қазақстанның инвестициялық саясатын үйлестіруді тапсырамын»,-деді Президент.