Елбасы Үкіметке халық санағы кезінде алынған есеп-қисаптарды әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үдерісінде ескеруді тапсырды

АСТАНА.  Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке осы жылдың ақпан-наурыз айларында жүргізілген халық санағының қорытындысы бойынша алынған есеп-қисаптарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыру үдерісінде ескеруді тапсырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халық санағы бізге халықтың жағдайы туралы бағалы мәліметтерді берді. Бұл ақпараттар бірнеше жылдарға ілгері еліміздің өмірін нақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Үкіметке салық санағы барысында алынған барлық деректер бойынша бақылау есептерін жүргізуді, жыл соңында соңғы қорытынды жариялауды, оларды әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үдерісінде ескеруді тапсырамын», деді Елбасы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде.

Елбасының атап көрсетуінше, бірінші және екінші халық санақтары жүргізілген 10 жыл аралықта елімізде 616 жаңа мектеп, 125 аурухана ашылған. Ондаған жаңа театрлар, мәдениет үйлері, кітапханалар, мұражайлар, стадиондар, спорт алаңдары есіктерін айқара ашқан. 29 мың шақырым автомобиль жолдары салынып, сапалы жөнделген.

«Осының барлығы бүгін қазақстандықтар үшін, олардың өмір сапасын арттыру үшін жасалды. Жақында өткен халық санағы осындай оң ілгерілеуді көрсетіп берді», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар