Елбасы Үкіметке индустрияландыру бағдарламасына қатысатын шетелдік инвесторлармен келісілген жобалардың тізімін жасауды тапсырды

А. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке Қазақстанның үдетілген индустриялық-инновациялық бағдарламасына қатысатын шетелдік инвесторлармен келісілген жобалардың тізімін жасауды тапсырды. Президент бұл тапсырманы бүгін Астанада өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХІІ пленарлық  мәжілісінде берді,

Елбасы Үкіметке индустрияландыру бағдарламасына қатысатын шетелдік инвесторлармен келісілген жобалардың тізімін жасауды тапсырды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жобалары аясында экономиканы әртараптандыруға және шикізатты терең өңдеуге бағытталған барлық перспективалы көзделген жобаларды шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелерімен бірге  пысықтау қажет. Мұндай әрбір жоба бойынша ұйымдасқан жұмыс тобы Үкіметтен жауапты тұлғаны бекіте отырып, жүзеге асырылатын нақты мерзімі айқындалған бірлескен іс-қимылдың нақты жоспарын жасауы қажет», деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.

Осы орайда Елбасы Үкіметке тиісті жұмысты 2010 жылдың бірінші тоқсанының ішінде жүргізуді және шетелдік инвесторлардың қатысуымен келісілген жобалардың тізімін өзіне бекітуге шығаруды тапсырды. «Шетелдік кеңестің мүшелері Үкіметпен бұл мәселе бойынша белсенді ынтымақтасатындығына сенемін», деді Н. Назарбаев.