19:58, 17 Сәуір 2011 | GMT +5
Елбасы Үкіметке инновация бағыты бойынша 1 шілдеге дейін ұсыныстар әзірлеуді тапсырды
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Үкіметте өткен кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атқарушы билікке ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін инновацияларды қолдауға қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
«Мен осы бағыттағы ілгерілеудің негізгі нүктелері ретінде Алматы жанындағы Ақпараттық технологиялар паркі мен жаңа университет бола алады деп санаймын. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» Қоры» барлық ұлттық компаниялар алдына инновациялық жобаларды енгізу жұмыстарымен айналысу міндетін қоюлары керек. Әрбір министрлік пен ведомствода инновациялық бағыт бойынша келешек дамулары туралы жоспарлары болуы шарт. Бұл бізді, біздің жұмысшыларымызды ойлануға итермелейді», - деді Президент.
Сонымен қатар, Елбасы инновация бағытында енгізуге болатын 3-4 мәселеге тоқталып, сол бағытта жұмыстар атқарылуы тиістігін атап өтті.