Елбасы Үкіметке инновацияның салалық орталықтарын құруды тапсырып, Астанада ғылым мен технологияның жетістіктеріне арналған көрме ашуды тапсырды

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Үкіметте өткен кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі инновациялық саланы жаңғыру мәселесіне назар аудартып, Үкіметтің алдына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
None
None

«Инновациялық қызметтің кеңінен еніп, таралуы үшін Үкіметке өнімділік пен инновацияның салалық орталықтарын құруды тапсырамын. Олар тікелей өнеркәсіптік кәсіпорындармен жұмыс істеулері шарт. Бұл ретте иновациялық жобалардың еншілес қаржыландыру ауқымын да кеңейте түсу қажет. Инновациялық ортаны дамыту үшін зияткерлік меншікті қорғайтын жаңа заң керек. Ал елімізде және қазақстандықтар арсында инновациялық дүниетанымды қалыптастыру үшін Астанада Қазақстанның ғылым мен технологиясының жетістіктеріне арналған көрме ашуды тапсырамын», - деді Елбасы.

Бұл ретте Президент ондай көрмелер Қазақстанда қандай жаңалықтар ашылып жатқанын, өндіріске не енгізу керектігін көрсетуі қажеттігін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар