Елбасы Үкіметке келесі жылы «Жұмыспен қамтудың» жаңа жол картасын әзірлеуді тапсырды
Елбасының айтуынша, бұл жаңа бағдарлама 2007-2009 жылдардағы тәжірибе қамтылуы шарт.
«Бұл бағдарлама осынау қиын кезеңде жұртшылыққа әлеуметтік қолдауды кеңейту мақсатында әзірленеді. Осы ретте бағдарламаны қаржыландыру мөлшері осыған ұқсас 2007-2009 жылдары жүзеге асырылған бағдарламаға қарағанда айтарлықтай артады. Бағдарлама жергілікті инфрақұрылымды дамыту, ауылдық аумақтарды дамыту нәтижесінде еңбек нарығының орнықтылығын сақтап қалады. Сонымен қатар, біліктілікті арттыру арқылы қысқа мерзімдік кадрларды қайта даярлау жұмысының ауқымы кеңейе түседі», - деді Н. Назарбаев.
Бұдан бөлек, Елбасы шағын несие мәселесі де оңтайлы шешімін табуы тиістігін атап өтті. «Осының бәріне Үкімет, жергілікті әкімдер баса назар аударатын болады. Барлық өңірлерде қызу жұмыс күтіп тұр», - деді Н. Назарбаев.