Елбасы Үкіметке мектептерде жан басына шағып қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат- Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан білім қоғамы жолында»  тақырыбында интерактивті дәріс оқу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке ілкі мектептерде жан басына шағып қажыландыру жүйесін енгізуді тапсырды.  

Елбасы   Үкіметке мектептерде жан басына шағып қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды

«Орта білім беру жүйесінде жан басына шаға отырып, қаржыландыруды қамтамасыз етуіміз керек. Оқушы басқа мектепке ауысса, оның қаражаты да сол жаққа кетеді. Осылайша, біз мектептер мен мұғалімдер арасындағы бәсекелестікті арттыра аламыз. Бұл ретте Үкіметке ілкі мектептерде жан басына шаға отырып, қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырамын», - деді Н. Назарбаев.