Елбасы Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысын өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 11 сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысын өткізеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысын өткізеді

«Қазақстан Президентінің төрағалығымен өткізілетін Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында отандық кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарланған», - делінген хабарламада.