Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бірқатар нақты тапсырмалар берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп, генерал-лейтенант Владимир Жұмақановты Елбасы кеңесшісі етіп тағайындауына байланысты ҰҚК Төрағасы лауазымынан босату туралы шешімін жеткізді.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Елбасы ұжымға жаңа Төраға - Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовті таныстырды.
Келу нәтижесінде еліміздің Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бірқатар нақты тапсырмалар берді.