Елбасы Ұлттық лотереяны дамыту жүйесінің жаңа тиімді моделін құруды ұсынды

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Ұлттық лотереяны дамыту жүйесінің жаңа тиімді моделін құру қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы жөніндегі 16-шы тапсырмасында айтылған.

Елбасы Ұлттық лотереяны дамыту жүйесінің жаңа тиімді моделін құруды ұсынды

Бүгінде Ұлттық лотереяны дамыту жүйесінің жаңа тиімді моделін ұсыну қажеттігін баса айтқан Мемлекет басшысы: «Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Ұлттық лотереяны дамыту жүйесінің жаңа тиімді моделін ұсынсын. Қазақстандық командалардың шет елдер чемпионаттарының жоғары лигаларына (спорттың әр түрі бойынша) қатысуын ұлғайту жөнінен ұсыныс енгізсін», - деді.

Сонымен қатар Елбасы осы  агенттікке Мәдениет және ақпарат минис­трлігімен бірлесіп мамандандырылған спорт­тық теледидар арнасын құру жөнінде ұсыныс енгізуді жүктеді.

«Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Білім және ғылым министрлі­гі­мен бірлесіп Алматыда өтетін қысқы Универсиада-2017 қарсаңында студенттік және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және студенттер мен жасөспірімдер клубын құру жөнінде ұсыныс енгізсін», - деді ҚР Президенті.